Жаңалықтар

Қостанай қаласында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды

АиФ

27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды.

Қостанайда полицейлер үйлену тойында болған жанжалға қатысқан адамдарды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында бірнеше адам төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Шақыруға дереу келген полицейлер Қостанай қаласы ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді.

«Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды. 1 қазанға қараған түні, үйлену тойынан кейін, Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасында ауызша жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармады. Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Полиция ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бірден бастады.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты, толық анықтап жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы Қостанай облысы ПД басшылығының бақылауына алынды.