Жаңалықтар

Балаға қол жұмсаған имам қызметінен босатылды

Имам бетінен ұрған бала шалқасынан құлап түскен.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Informburo.kz сайтының мәліметінше, бұған дейін аталған мешітте намаз оқу кезінде мешіт имамының кішкентай баланы ұрып жібергені бейнеленген видео әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Хабарламадан белгілі болғандай, балаға қол жұмсаған имам бас мүфтидің бұйрығымен қызметтен босатылды. 

ҚМДБ аталған оқиғадан тиісті қорытынды шығарғанын және баланы ұрған дін қызметкеріне шара қолданылғанын хабарлады. Бас мүфтидің бұйрығымен «Хидаят» мешітінің имамы жұмыстан шығарылды.