73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияға жаяу жетті

2 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
turanews.kz
Түркиядан соң ол Франция, АҚШ елдеріне жоспарланған 180 күндік саяхатын бастайды.

2 тамызда Атыраудан жолға шыққан 73 жастағы зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Түркияға жетті. Қазақстандық саяхатшы Instagram-дағы жеке парақшасында Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы видео жариялады.

"Әсем порт қаласы, Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", – делінген жазбада.

Бұған дейін Қазақстан, Ресей, Грузия елдерін басып өткен ақсақал Түркия еліне жетті. Түркиядан соң ол Франция, АҚШ елдеріне жоспарланған 180 күндік саяхатын бастайды. Содан соң АҚШ пен Қытайға, Моңғолияға жаяу жүруді жоспарлап отыр.

 

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sarsenbay Kotyrashov (@ulytaumen)

Тэгтер:

73 жастағы зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев