233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
Индустрия және құрылыс министрлігі енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлердің шығарылатынын айтты
Ведомствоның мәліметінше, кезекте тұрғандардың біршамасында жеке баспанасы бар болып шықты. Басқалары құжаттарды тапсыру кезінде қателіктер жіберген.
Бүгінге дейін әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Ал өзге қазақстандықтар баспаналарын күтіп отыр. Кейбірі он жыл немесе одан да көп уақыт күтуі мүмкін.
«233 мыңға жуық адам белгіленген талаптарға сәйкес келмегендіктен, тізімнен шығарылады. Кезектен оларды алып тастаса, артта тұрғандардың кезегі алға жылжиды. Яғни баспанаға тезірек қол жеткізуге болады», - деді Индустрия және құрылыс комитетінің басқару жөніндегі сарапшысы Самат Бекжігіт.