Жаңалықтар

Аяғы екі жерден сынған: «Каспий» мен «Қайрат» ойынында футболшы мен қақпашы соқтығысып қалды

https://by.tribuna.com/

Ақтауда өткен бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан чемпионатының 24-турында «Каспий» мен «Қайрат» клубы кездескен болатын. Ойын барысында ақтаулық клубтың қақпашысы Максим Плотников ауыр жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші таймда «Қайрат» командасының әрі ұлттық құраманың шабуылдаушысы Артур Шушеначевпен соқтығысып қалған Максимнің аяғы екі жерден сынған. Ойынның 52-минутында алаңға оның орнына Нұрлыбек Аязбаев шықты.

Ақтаулық клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Плотников ауруханаға жеткізілген бойда оған ауыр ота жасалған.

Еске сала кетейік, Ақтауда өткен бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды.