Жаңалықтар

1,1 млрд теңге жымқырып, қымбат пәтерлер алған шенеуніктер ұсталды

ашық дереккөз

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деп күдікті болды.

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.