Жаңалықтар

Азиада-2023: Қазақстан тағы да алтын жүлде ұтты

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның ерлер командасы байдарка мен каноэде есуден алтын алды.

Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші – 1:49.01. Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті. Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.