Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы екі қола медаль түсті
Байдарка мен каноэде есуден ел қоржынына қола жүлде түсті.
Қазақстан құрамасының өкілдері Тимой Емельянов пен Кирилл Тубаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жүлдегері атанды.
Тубаев байдаркамен есуден (1000 метр) үшінші болды. Бағдарламаның бұл түрін қытайлық Дон Чжан жеңіп алды. Мәре сызығына екінші болып өзбекстандық Шахриер Махкамов келді.
Емельянов каноэда есуден (1000 метрге) дара есу жарысының финалында қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Тайпейден келген Канг-Че Лайға бұйырды. Өзбекстандық Владлен Денисов екінші болды, делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.