Жаңалықтар

Желіде марафонға қатысқан Досаевтың суреттері тарады

1 қазанда Алматыда жыл сайынғы Алматы марафоны өтті.

Алматы әкімі Ерболат Досаев та марафонда көппен бірге жүгіріп өтті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қазанда Алматыда жыл сайынғы Алматы марафоны өтті. Бәйгеге оңтүстік астананың басшысы да қатысқаны белгілі болды. Оқиға куәгерлері Досаевтың суреттерін редакцияның WhatsApp-нөміріне жолдаған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Алматы әкімі жарысқа өз қалауымен қатысқанын айтты.