Қоғам

Риддерде полицейді ұрған ер адам 2 жылға сотталды

Ашық дереккөз

Оқиға осы жылдың қыркүйек айында Риддер қаласында болған.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға осы жылдың қыркүйек айында Риддер қаласында болған. Ер адам қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерін өз үйінің ауласында бетінен жұдырықпен ұрып жіберген. Осыған байланысты сот ісі қалалық сотта қаралды.

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 3-бөлігімен (Билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Енді ер адамға осы уақыт аралығында пробациялық бақылау орнатылады», - делінген Риддер қалалық сотының мәліметінде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.