Қоғам

Маңғыстау облысында әскери қызметкер көз жұмды

Әскери тергеу тобы осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Маңғыстау облысының әскери бөлімінде болған оқиға туралы марқұмның туыстары хабарлады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Арашбай өткен күзде Түркістан облысынан шақырылды. Бүгін оның қайтыс болғаны туралы туыстарына хабарланды.

Әскерге шақырылушы 25744 әскери бөлімінде, яғни теңіз жаяу әскерінің бөлімінде шұғыл қызмет атқарды.

Теңіз жаяу әскерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз бүгін Ақтау гарнизонының Оймашы полигонында белгісіз заттың жарылуынан қаза тапты.

Жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен жігітті құтқару мүмкін болмады. Түрлі жарақаты салдарынан әскери ауруханаға барар жолда көз жұмған.