Жаңалықтар

Азиада-2023: Құрама көшбасшысы Махмұд Сабырхан күтпеген жерден жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жекпе-жегін өткізген Қазақстан құрамасының көшбасшысы Махмұд Сабырхан жарыс жолынан шығып қалды.

1/8 финал кезеңінде 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабырхан Солтүстік Корея боксшысы О Таебпен қолғап түйістірді. Үш раудқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.