А.Гутерриш: "Халықаралық ұйым жанынан терроризммен күрес басқармасын құру қажет"
А.Гутерриш: "Халықаралық ұйым жанынан терроризммен күрес басқармасын құру қажет"
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзі басқарып отырған халықаралық ұйым жанынан терроризммен күрес басқармасын құру туралы ұсыныс жасады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы бұл мәлімдемені Бас ассамблеяда алға тартқан. Мәлімдеме мәтіні БҰҰ ресми сайтында жарияланды. Егер мұндай басқарма құрылса, жаңа ведомствоның жұмысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өзге құрылымдарының жұмысымен қиылыспайды және оның жұмысына Бас хатшының орынбасары жетекшілік ететін болады. «Біздің мақсат – шұғыл түрде кері жауап қайтаруымыз тиіс халықаралық терроризм қаупіне осы БҰҰ-ға мүше өзге елдермен бірлесіп қарсы тұру жөнінен жаңа серіктестік құру», – деп атап өтті Антониу Гутерриш.