Жаңалықтар

Нокдаунға түсіп қалды: Қамшыбек Қоңқабаев Азиададағы жарыс жолын бастады (ВИДЕО)

Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті.

 

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында 92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолын бастады.

Ол ширек финалда Бахрейн боксшысы Данис Латыповты төрешілер шешімімен жеңді. Алайда, үшінші раундта қарсыласынан соққы жіберіп алып, нокдаунға түсіп қалды. Төрешілер шешімі бойынша ол келесі айналымға өтті.

Сөйтіп, ол Азиаданың жартылай финалына өтті. Оның қоржынында кемі қола медаль бар. Боксшылардан бұған дейін 92 келіге дейін бокстасатын Сағындық Тоғамбай ғана жартылай финалға іркілмей өткен болатын.