Жаңалықтар

ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

Оқытушылар мен ғалымдардың жалақысы 50-60 мың теңгеге артты

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ЖОО оқытушыларының еңбекақысы өсті.

Оқытушылар мен ғалымдардың жалақысы 50-60 мың теңгеге артты. Жалақыны өсіру мемлекеттік білім тапсырысының құнын арттыру есебінен жүзеге асырылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған түрлі мамандықтар бойынша білім гранттары құнының кестесінен бір мемлекеттік білім тапсырысының құны шамамен 100 мың теңгеге артқанын байқауға болады.