Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі ұстаздар күні қарсаңында челлендж жолдады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің мерекесі қарсаңында «Ұстазым менің, ұстазым» челленджін бастады.

«Ұстазым менің, ұстазым» атауымен кез келген адам мұғалімдер күні қарсаңында өзінің аяулы ұстаздары туралы естеліктерін бөлісе алады.

Ғани Бейсембаев «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» қағидасын бойына әбден сіңірген, өмірлік ұстаздары – ата-анасына алғысын айтты. Одан соң министр мектептегі және педагогикадағы ұстаздары туралы естелігін жазды.

Министр арнаулы челленджді барша қазақстандықтарға және Нұртөре Жүсіп, Aсхат Аймағамбетов, Тамара Дүйсенова, Aида Балаева, Саясат Нұрбек, Ажар Ғиният әріптестеріне жолдады. Аяулы ұстаздары туралы жылы лебіздерді білдіріп, қызық естеліктерді бөлісуге шақырды.