Жаңалықтар

Туды көргенде Әнұран айта жөнелген бүлдіршін елді сүйсінтті (ВИДЕО)

скриншот

Әлеуметтік желіде туды көріп, мемлекеттік Әнұранды айта жөнелген 2 жасар бүлдіршіннің видеосы тарады.

Бейнежазбада 2 жасар бүлдіршін көшеде тұрған көліктердің мемлекеттік нөміріндегі Туды көре салысымен Әнұранның қайырмасын айта жөнелген.

AtyrauPress сайтының жазуынша, Айлин есімді кішкентай қыз - Атырау қаласының тумасы. Қазір Астана қаласында тұрады. Әкесі - мемлекеттік қызметші, анасы Альфия Әдиева қоғам белсендісі екен. 

«Айлин – балаларымыздың ең кенжесі. Оның алдында екі апасы мен бір ағасы бар. Біз Айлинді кішкентай кезінен қазақ әуендерін тыңдатып өсірдік, ата-әжесі патриотық өлеңдерді айтып бақты.  Отбасымызда патриоттық тәрбие отбасыдан басталады деген сөз басты қағида. Астанадағы “Алтын адам” балабақшасына барғалы Әнұранды  айтып үйренді. Балабақшада әр күн Гимн айтудан басталады. Қазір Айлин Ту көрсе болғаны, қолын кеудесіне қойып, Әнұран айта бастайды», - дейді анасы.