Жаңалықтар

Азиада-2023: Нұрбек Оралбай Қытай қазағынан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

sports.kz

Екеуі Ташкентте әлем чемпионатының финалында кездескен болатын.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ханчжоудағы Азия ойындарының ширек финалынан ары аса алмады, деп хабарлады turkystan.kz.

80 келіге дейінгі салмақта бокстасқан Нұрбек 1/8 финалда Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқаннан 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізде болса, екеуі биыл Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының финалында жұдырықтасып, Нұрбек әлем чемпионы атағын иемденген еді.