«Декретте 14 жыл отырды»: Мұқасан Шахзадаев әйелі мен балалары жайлы шындығын айтты
Әнші Мұқасан Шахзадаев жанұясы мен шығармышылығы жайлы сұхбат берді.
Өнер иесі «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әйелінің 14 жыл декреттік демалыста отырғанын айтты.
«Төрт ұлым бар, тәубе. Қаталмын деп айта алмаймын. Балаларымды бос ұстамаймын, еркелетпеймін. Үлкен ұлым - Димаш, сосын Дастан, Диар, Әли-Шах есімді ұлдарым бар. Ұлым Диар биыл мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсті. Астана қаласына грантқа түсті. Кенже ұлым 5,5 жаста.
Келіншегім бірінші мамандығы бойынша неміс тілінен сабақ берді. Екінші мамандығын сырттай бітіріп алды. Декреттік демалыста 14 жыл отырды. Қазір декреттік демалыстан шығып, жұмыс істеп жүр», - деді Мұқасан Шахзадаев.