Жаңалықтар

«Өзіміз ғой, Арай» чатын құрған Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды

ҚМА

Қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған.

Тергеу барысында анықталғандай, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Алдын ала тергеулер «Өзіміз ғой, Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге болмайды.