Жаңалықтар

Азиада-2023: Аян Бейсенбаев қола жүлдегер атанды

Туризм және спорт министрлігі

Алтын медальді жапондық спортшы жеңіп алды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді.

«Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25», - делінген хабарламада. 

Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер 1:50:54, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға бұйырды.