Парижге баратын саяхатшылар саны азайған

Парижге баратын саяхатшылар саны азайған

Парижге баратын саяхатшылар саны азайған
ашық дереккөзі
Өткен жылы Франция астанасы Париж қаласына келетін саяхатшылар саны 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 миллонға азайған, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Соның салдарынан туризм саласына 1 миллиард 300 миллион еуро шығын келді. Мамандар бұл жағдайды 2015 жылы қарашада жасалған шабуылдармен байланыстырып отыр. Туризм жөніндегі аймақтық комитет өкілдерінің хабарлауынша, былтыр негізінен жапон, қытай және ресейлік саяхатшылар санының кемуі қатты байқалған. Айта кетейік, 2015 жылдың 13 қарашасында Франция астанасы мен оның іргесінде бірнеше лаңкестік әрекет жасалды. Салдарынан 130 адам көз жұмып, тағы 350-ден астамы жараланған. 3 экстремист футболдан Германия және Франция құрамаларының ойыны өтіп жатқан стадионда өзін-өзі жарып жіберген. Содырлардың тағы бір тобы Париждің солтүстік-шығысындағы дәмханалар мен мейрамханаларға шабуылдаған. Тағы 3 лаңкес «Батаклан» концерт залындағы адамдарды тұтқынға алды. Артынша елде төтенше жағдай енгізіліп, бұл тәртіп әлі күнге дейін ұзартылып келеді.