«Мұндай бассыздыққа жол бермейміз!»: Мақсат Толықбай Зайсан көліне балық аулауға келген қытайлықтарды өз бақылауына алатынын мәлімдеді
"Бұл мәселе ұдайы менің назарымда болатынын ескертемін"
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Зайсан көліне балық аулау үшін техникаларын алып келген қытайлықтарды қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.
"Зайсан көліне Қытай Халық Республикасының азаматтары балық аулауға арналған техникалары мен ауларын кіргізіп жатыр” деген мағынадағы видео кешелі бері қызу талқыланып жатыр. Мұндай бассыздыққа жол бермейміз! Ағайынның талабын орындаттық. Бұл мәселе ұдайы менің назарымда болатынын ескертемін", - деді депутат.