Жаңалықтар

Қазақстан Азия ойындарының медальдар кестесінде нешінші орында?

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Медальдар кестесінде Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония көш бастап тұр.

Бүгін, 28 қыркүйек, Қытайдың Ханчжоу қаласында Жазғы Азия ойындарының бесінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz

Бүгін спортшыларымыз екі алтын медаль жеңіп алды. Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан қозғалатын нысанаға атудан топ жарса, кейін стенд атудан аралас жұптық турнирде Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко дуэті жеңіске жетті. Скит жаттығуларының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан басым түсті.

Осы екі марапаттан кейін Қазақстан құрамасының жалпы есептегі орны жоғарылады: 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Медальдар кестесінде Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония көш бастап тұр.