Жаңалықтар

Азиада-2023: қазақстандық спортшылардың төртінші жарыс күнгі нәтижесі

Туризм және спорт министрлігі

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының төртінші күнінде ел қоржынына 10 жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Стенд ату:

Сапында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина бар Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Жүзу:

Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде мәреге Әділбек Мусин 51.86 секундта жетіп, қола медаль жеңіп алды.

У-шу саньда:

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.

Бокс:

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен ұтса, Сағындық Тоғамбай Моңғолиядан келген Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.

Теннис:

Аралас жұпта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде тәжікстандық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 3x3.

Баскетбол:

Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.

Гандбол:

Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын 37:33 есебімен ұтты.