Түрік елінде 227 судья мен прокурор қызметінен қуылды

Түрік елінде 227 судья мен прокурор қызметінен қуылды

Түрік елінде 227 судья мен прокурор қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
Түркияда Гүлен қозғалысы мен ел ішінде террорлық ұйым деп танылған «Күрдістан жұмысшы партиясына» қатысы бар деген күдікпен тағы 227 судья мен прокурор қызметінен қуылды, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Осылайша, елде төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бері әділет органдарынан шығарылған қызметкерлердің жалпы саны 3 мың 900-ге жуықтады. Айта кетейік,  Түркияда бір топ бүлікші өткен жылғы шілденің 15-і күні әскери төңкеріс жасауға оқталды. Қақтығыс барысында 240-қа жуық азамат қаза тауып, 2 мыңнан аса адам жарақат алды. Құзырлы органдар төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген айыппен 32 мың азаматты темір торға қамап, 100 мыңдай мемлекеттік қызметкерді жұмысынан босатты. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған: «Халықпен әр жүздесуімде ел-жұрт «неге айлық төлеп жатырсыздар, мемлекетке төлеген салығымыз оларды тамақтандыруға жұмсалуы тиіс пе?» деп мені сұрақтың астына алады. Сол себепті жасаған қылмысына сай заң шеңберінде барлығы жауап береді», – деп атап өтті.