Жаңалықтар

Ташкентте алапат жарылыс болды (ВИДЕО)

t.me/shot_shot

Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Салдарынан көпқабатты үйлердің терезесі мен есіктері қирады.

Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Жарылыстан зардап шеккендер саны көп, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де көп келген. Қазір жарылыстан кейін тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.

Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберілген. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады.