Спорт

«Намысыма тиіп тұр»: Азия ойындарында қола жүлде алған қазақ қызы жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

У-шудан қола жүлдегер атанған отандасымыз  жартылай финалда қытайлық Юэяо Лиге есе жіберді.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында еліміздің атынан сынға түскен спортшы Аян Тұрсын жартылай финалдан кейін сұхбат беріп, көзіне жас алды, деп хабарлады turkystan.kz.

У-шудан қола жүлдегер атанған отандасымыз  жартылай финалда қытайлық Юэяо Лиге есе жіберді.

«Ұтылып қалғаным намысыма тиіп тұр. Қарсыласым әлем чемпионы, дәрежесі жоғары екені көрініп тұр. Алдағы жарыстарда алтын алу үшін дайындалып келемін. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Намысыма тиіп тұр, ұтылып қалғаным. Азия ойындары менің арманым еді. Осы жарысқа қатысып, арманым орындалғанына қуаныштымын. Осы жарысқа қатысуға себепкер болған барша жанға, бапкерлерге алғысым шексіз», - деді спортшы.