Жаңалықтар

"Kausar Travel-мен байланысым жоқ" :Бекболат Тілеухан Құран ұстап ант етті

Бекболат Тілеухан бұл туралы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

200-ден астам адамды қажылыққа апарамын деп алдаған "Kausar Travel" компаниясының басшысы кәсіпті экс-депутат Бекболат Тілеуханмен бірге жүргізгенін айтқан болатын. Бекболат Тілеухан Kausar Travel атты турфирманың және Медет Мұратбаев есімді азаматтың бар екенінен де  бейхабар екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бекболат Тілеухан бұл туралы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

 

Ол Құран ұстап ант етіп, Kausar Travel-мен байланысы жоғын айтты.