Павлодар облысында 7 500-ге жуық азамат қоғамдық орында мас күйде жүрген
Өткен тәуліктің өзінде көшеде жүрген мас адамдарға қатысты 82 шақырту түскен.
Павлодар облысында жыл басынан бері 7 500-ге жуық азамат қоғамдық орында мас күйде жүрген, – деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен тәуліктің өзінде көшеде жүрген мас адамдарға қатысты 82 шақырту түскен.
– Азаматтар алкогольді шамадан тыс тұтыну қайтымсыз салдарға әкеледі деп ойламайды. Бұл жағдайда олар қылмыстың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кейінірек, байсалдылық үшін бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген азаматтар тәубеге келіп, өздерінің қылығына таң қалады. Кейінірек олар туыстарынан кешірім сұрайды, бірақ олардың туыстарының көңілінде бәрібір сызат қалады, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы жылы облыс бойынша азаматтар мас күйінде 495 қылмыстық құқық бұзушылық жасады, көшелерде және қоғамдық орындарда 7483 мас күйдегі азаматтарың жолы кесілді, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.