Қазір елімізде қанша мұнай қоры бар?
Қазір Қазақстан ресурстық базаны ұлғайту, жаңа мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша алға елеулі міндет қойып отыр.
Қазір Қазақстандағы расталған мұнай қоры – 113,2 млрд баррель, деп хабарлайды turkystan.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір Қазақстан ресурстық базаны ұлғайту, жаңа мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша алға елеулі міндет қойып отыр. Біздегі расталған мұнай қоры – 113,2 млрд баррель (15,5 млрд тонна), газ – 3,7 трлн текше метр, сондай-ақ шартты отынның ресурстық әлеуеті (барланбаған) – шамамен 76 млрд тонна, – деді Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Астанадағы "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде.
Оның айтуынша, бұл үшін жер қойнауын пайдалану саласында реформалар жүргізілді, атап айтқанда, реттеушілік және салықтық преференциялардың ауқымды пакетін көздейтін жаңа механизм – жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілді.