Еліміздегі ең көп ұрлық жасалатын өңірлер белгілі болды

27 қыркүйек, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Қазақстанда биыл ұрлық 28,2%-ға төмендеген.

Қазақстанда биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 42 752 іс жасалса, биыл қылмыс саны біршама азайып, 30 173 іс тіркелген, деп хабарлады turkystan.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, аймақ бойынша ең көп ұрлық дерегі Алматы қаласында тіркелген.

Атап айтқанда:

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі мына өңірлерде тіркелген:

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.  

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі мына өңірлерде тіркелген:

Тэгтер:

Статистика ұрлық