Жаңалықтар

Азиада-2023: Қазақстан алғашқы алтынды жеңіп алды

Ұлттық олимпиада комитеті

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды

«Скиттегі» топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.

23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр.  Жазғы ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.