Жаңалықтар

Асыланбек Шымбергеновтің Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Асыланбек Шымбергенов 71 келіде өнер көрсетеді.

71 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергеновтің Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыстың 1/8 финалында осы ойындарға Қазақстан Туын ұстап шыққан Асыланбек қытайлық Пей Чен Ванмен жұдырықтасады. Қытайлық боксшы 1/16 финалда кореялық Сан Минь Лиді жеңіп отыр. Шымбергенов пен Ван 28 қыркүйекте жекпе-жекке шығады, деп жазды Vesti.kz

Еске салайық, қазақ боксшы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған. Сонымен қоса, ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2022 жылы Азия чемпионы болған.