Храпуновтардан тәркіленген мүлік: экс-шенеуніктерге сот үкімі шықты

26 қыркүйек, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Сот Храпуновтың мүлкін талан-таражға салу ісі бойынша сотталушыларға үкім шығарды.

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың «Эдельвейс» коттедждер қалашығында тәркіленген мүлкін сату кезінде алаяқтық жасады деп айыпталған әкімдік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, мынадай жаза тағайындау жөнінде шешім қабылдады:

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот «Эдельвейс» коттедждер қалашығындағы №36, 60, 61 үйлер мен жер телімдерін, сондай-ақ №6 ғимараттағы 2 және 3 пәтерлерді мемлекет кірісіне айналдыру жөнінде шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Сот Шенеунік Храпунов