Жаңалықтар

Ақтауда танымал фотограф із-түзсіз жоғалды

Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні көрген.

Ақтауда танымал фотограф Бауыржан Асылбаев жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, ер адамды іздеу жұмыстарын Lider.kz қозғалысының еріктілері жүргізіп жатыр.
Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні, 22 қыркүйек кешінде 8-шағынаудандағы №7 үйдің жанынан көрген. Иығында жолдорбасы болған.