Жаңалықтар

Бұрынғы Ұлттық экономика вице-министрі 5 жылға сотталды

Фото: Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Антикор мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын – 819 млн теңге.

Бұрынғы Ұлттық экономика вице-министрі және Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ілияс Үсеров алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сот оны Алматы ҰҚКД бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов және Алматы Қаржы басқармасының басшысы Айнұр Құдайбергеновамен бірге Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың отбасынан тәркіленген активтерді төмен бағамен аффилиирленген тұлғаларға сатты деп таныды. 

bes.media мәліметінше, сот шешімі бойынша Ілияс Үсенов ҚР ҚК 2-тармағының 28-бабы 5-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Антикор мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын – 819 млн теңге.