Жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен екі оқушы табылды

polisia.kz

Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері жұмылдырылды.

Шымкентте жоғалған екі оқушы табылды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі жағдайда да жасөспірімдер ата-анасынан жасырын түрде кешкі уақытта ғашықтарымен серуендеуге шыққан. 

Тұран ауданының тұрғыны 15 жастағы қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып, полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қаққан. 

«Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Қызметкерлер жастар көп жиналатын орындарды: саябақтарды, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды тексерді. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қарап шықты. Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды», - делінген хабарламада.