Жаңалықтар

Семейдегі 4 жасар баланың өлімі: мәйітті дәретханға лақтырып жіберген

jambylinfo.kz

Оқиға Семейде қыркүйектің басында болған.

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қордың хабарлауынша, оқиға қыркүйектің басында болған.

Halyq Uni сайтының мәліметінше, анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде, күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды

Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тас жолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.