Түрік лирасы құнсызданудың рекордтық мөлшерін жаңартты

Түрік лирасы құнсызданудың рекордтық мөлшерін жаңартты

Түрік лирасы құнсызданудың рекордтық мөлшерін жаңартты
ашық дереккөзі
Түрік лирасы құнсызданудан тарихи рекордтық мөлшерін жаңартты. Бүгін түріктің ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққандағы бағамы 2,7 құрап, жыл басынан бергі құнын 12%-ға жоғалтты, - деп хабарлайды 24.kz. Haberler.com сайтының таратқан мәліметі бойынша, түркиялықтардың шетел валютамен алған қарызы көп емес екен. Алайда лиранның құнсыздануынан мелекеттік және жекеменшік секторлар айтарлықтай зиян шеккен. Түркияның Орталық банкі ақпан айында ұлттық валюта бағамының төмендеуінен 292 млрд лира шығын келгенін мәлімдеген.