Жаңалықтар

Азиада-2023: Сәкен Бибосынов моңғол боксшысын жеңді

Сәкен Бибосынов ендігі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді.

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы Азия ойындарындағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлады  turkystan.kz.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде моңғол боксшысы Унуболд Орхонтунгалагпен жұдырықтасып, оны 5:0 есебімен жеңді.

Сәкен Бибосынов ендігі кездесуін 28 қыркүйек күні өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді.