Алматыда 4 жасар бала өгей әкесінің қолынан қаза тапты
Өгей әкесі 4 жасар баланы ұрып өлтірген.
Алматыда 4 жасар баланы өгей әкесі соққыға жығып, бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.
«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар баланы өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз!» - делінген жазбада.