Жаңалықтар

Шымкентте анасы мен қызы әтір ұрлаумен айналысқан (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Қазіргі таңда полицейлер тергеу жүргізіп жатыр

Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әл-Фараби АПБ-ға қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан косметика дүкенінен парфюмерия ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, арызданушы екі тұтынушының сауда орнынан парфюмерия өнімдерін жасырын түрде алып кеткенін көрсетті.

«Сондай-ақ олар бұған дейін үш рет осы дүкенге келіп ұрлық жасаған. Криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар – анасы мен қызы болып шықты. Жалған сатып алушылар сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытып, қымбат әтірлерді тез әрі байқатпай сөмкеге салып, артынша сауда нүктесінен кетуге асыққан», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.