Жаңалықтар

Ақтөбеде қыздар кафеде танысқан жігіттердің ұялы телефонын ұрлап әкеткен

polisia.kz

Қыздар кінәсін мойындады.

Ақтөбеде екі қыз кафеде танысқан екі жігіттің ақшасын ұрлап әкеткен, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбелік екі жігіт қыздарға шағым түсіріп, полицияға хабарласқан.

Белгілі болғандай, екі жігіт кешке кафеге тамақтануға барған. Онда олар екі қызды кездестіріп, артынша бірге тамақтанған. Екі қыздың біреуі олардың танысы болып шыққан. Кейін жігіттер сыртқа шығып кеткен. Кафеге кіргенде екі қыздың із суытып, олардың ұялы телефондарын ұрлап әкеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі – 83 мың және 180 мың теңге.  

Оқиға орнына келген полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы қыздардың кім екенін анықтап, екеуін полиция бөліміне жеткізді. Қыздар кінәсін мойындаған.