Жаңалықтар

Мемлекеттік грант тоқтатыла ма?

Министрдің айтуынша, елімізде мемлекеттік гранттар тоқтатылмайды.

Жақында желіде 2037 жылға қарай мемлекеттік грант тоқтатылады деген ақпарат тарады. Осы ақпаратқа қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

Министрдің айтуынша, елімізде мемлекеттік гранттар тоқтатылмайды.

«Гранттар сақталады. Мемлекеттік тапсырыс бізге керек. Ол – біздің мемлекетіміздің негізгі әлеуметтік функциясы. Қолжетімділікті сақтаймыз», – дейді министр.

Министр қандай жағдай болмасын, жоғары білімге қолжетімділік сақталатынын атап өтті.  

«Гранттар санын өсіре берсек, демократияға жете алмаймыз. Біздің де ресурстарымыз шектеулі. Келесі жылдан бастап жинақтаушы форматқа көшеміз. Көбірек адам жоғары білім алуға ілігуі керек. Қазіргі 60 пайызды сақтап қалуымыз керек. Жинақтаушы жүйе де жүруі керек. Бала грантқа іліксе, сол жинақтаған ақшаны баспана алуға жұмсауға болады. Егер бала грантқа ілінбесе, өзінің жинақтаған ақшасы, кепілі бар», – деді ол.