Жаңалықтар

Коронавирустың жаңа толқыны жайлы ақпарат жалған – ДСМ

ria.ru

Қазақстанда дельта штаммының айналымы туралы ақпарат – фейк

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың коронавирустың дельта-штаммын жаппай жұқтыруы туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының дельта-штаммын жаппай жұқтыра бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды», – делінген Stopfake.kz сайтының хабарламасында.

Қазақстанда дельта штаммының айналымы туралы ақпарат – фейк.

«Бүгінгі күні республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вирустарды генетикалық зерттеуге мониторинг жүргізілуде. Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада штаммдардың жаңа нұсқасы анықталған жоқ. Дельта штаммы 2021 жылы айналымда болып, аурудың ауыр түрлерін тудырған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ауру негізінен жеңіл түрде өтеді. Пациенттер негізінен амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 3% құрайды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.