Жаңалықтар

Баспалдақтан құлаған оқушыға қатысты жаңа ақпарат жарияланды

Елорданың Білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына түсініктеме берді

Білім басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ мектептің баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын айтты. Қазіргі уақытта басқарма мектеп директорына қатысты шаралар қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.

Бұған дейін Астанадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлап, комада жатты деген ақпарат пайда болғанын жазған болатынбыз.