Жаңалықтар

Балқашта 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды аман алып қалды (ВИДЕО)

polisia.kz

23 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз бір қыз бала көпқабатты үйдің 5-қабатынан секірмекші деген хабарлама түскен

Қарағанды облысы Балқаш қаласында полицейлер 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz. 

Әріптесім Танат Берікұлымен оқиға орнына келгенде 5-қабатта қыз бала айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет жасау керек болды. Танат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Кейін азаматшаны оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына бердік, – деді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев. 

Полицейлер құтқарып қалған қыз балаға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның жеке басының мәселесі бойынша осындай әрекетке барғаны анықталды.