Ембі полигонын жалға беру тоқтатылды

Ембі полигонын жалға беру тоқтатылды

Ембі  полигонын жалға беру тоқтатылды
ашық дереккөзі
Парламенттің төменгі палатасы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартын тоқтатты, – деп хабарлайды  Астана арнасы. Осыған дейін ресейліктер жалдап келген Ембі полигоны көрші елдің жалдауынан босатылғаннан кейін шаруаларға не пайдалы қазба өңдеушілерге берілмек. Енді 300 мың гектар жер Ақтөбе облысының әкімдігіне берілді. Ембі сынақ полигоны жабылғанымен, Ресей қазақ даласында әлі үш полигонда әскери сынақтарын жүргізіп келеді. Көрші ел әскери мақсатта пайдаланып отырған қазақ жерінің жалпы аумағы 8 миллион 600 мың гектарды құрайды. Былтыр Ресей 4 полигон жерін жалдау үшін бюджетке 7 миллиард теңге қаржы жұмсаған. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров: «1 гектарға екі жақтың келісіміне сәйкес, 1 гектарға 2,6 доллар келісілген. Сол ставкаға сай есептелді. Полигон жерін келісімге сай 10 жылға 1-ші келісім қойылады. Сосын өзінің белгілі тәртібі бойынша ары қарай ұзартыла береді», – дейді.