Жаңалықтар

Іле Алатауында жоғалып кеткен 2 жасөспірім: ТЖМ мәлімдеме жасады

Жасөспірімдер үйлеріне аман оралды

Тауда адасып кеткен 16 жастағы екі жасөспірім құтқарушылардың көмегінің арқасында табылып, үйлеріне аман-есен оралды.

23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Күмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кетіп, жедел құтқару тобы оларды іздеуге шықты.